Құрметті сайт пайдаланушылары!
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.
Мадина Өмірханқызы,
«Алуа» балабақшасының меңгерушісі

06.09.2024
«Ас атасы – нан»
Іс-шараның тақырыбы: « Ас атасы – нан »
Іс-шараның мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен...
06.09.2024
"Менің достарым"
Тақырыбы: "Менің достарым"
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап,...
06.09.2024
«Жазғы сайыстар»
Жазда балабақшаның балалары қызықты және жаңа тәжірибе алу мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытта олар білім беру қызметімен жүктелмейді және әртүрлі ойындарға, экскурсияларға, спорттық іс-шараларға көбірек уақыт жұмсайды. Балалармен уақытты қалай өткізуге болады, көбінесе...
06.09.2024
«Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»
Іс-шараның мақсаты: балалар мен олардың ата-аналары үшін мазмұнды және көңілді демалыс ұйымдастыру.
Іс-шараның міндеттері:
- отбасылық қатынастарды үйлестіруге ықпал ету;
- тәрбие процесінде отбасының рөлін арттыру;
- психикалық процестердің дамуына ықпал ету:...
06.09.2024
«Гүлденген табиғат»
Тақырыбы: Гүлденген табиғат
Максаты:Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету
06.09.2024
«Жас із кесушілер»
Балабақшада "Алақай жайдарлы жаз келді" жазғы сауықтыру кезеңінің "Жас із - кесушілер" бөлімінде ортаңғы және ересек топтарда таза ауада әр түлі тақырыпта қимыл - қозғалыс ойындары өткізіліп, балалардың ойын ойнауға қызығушылығын, белсенділіктерін арттырды....
06.09.2024
«Бақытты балалық шақ»
Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңінде ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» іс-шарасы. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ....